Қырғызстандық депутат ұсталғандардың видеосын жариялады
Күштік құрылымдар Мәскеудегі моншада рейд жүргізіп, Қырғызстан азаматтарын ұстады. Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісінен түсініктеме талап етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі «Бодрость» моншасында күштік құрылымдардың жүргізген рейдіне байланысты Ресейдің елшісіне ресми нота табыстап, бұл әрекеттің заңды негіздерін түсіндіруді сұрады.
«Қырғыз Республикасы азаматтарының құқығын қорғауға қатысты пәрменді шаралар қабылдауды және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеуді сұраймыз. Өйткені бұл жағдай Қырғызстан мен Ресей арасындағы одақтастық және стратегиялық әріптестік қатынастарға нұқсан келтіруі мүмкін», – делінген Қырғызстан СІМ мәлімдемесінде.
Рейд
Рейд 11 сәуір күні өткен. «Коммерсант» басылымының хабарлауынша, ресейлік күштік құрылымдар ондаған мигрантты ұстаған. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда арнайы жасақ өкілдері моншаға келген адамдарды жерге етпетінен жатқызып, тізерлеп жүруге мәжбүрлегені көрінеді.
Қырғызстандық депутат Жанар Ақаев те ұсталғандардың видеосын жариялады. Ол Парламент отырысында сөз сөйлеп, моншада «қарапайым жүргізушілер мен аспаздар болғанын» айтты, деп жазады РБК.