×

Шымкентте «лайк баспаған» қызметкерлер қудаланып жатыр. Әкімдік не дейді?

Шымкентте «лайк баспаған» қызметкерлер қудаланып жатыр. Әкімдік не дейді?
Yandex

Шымкент қаласындағы «Жастар ресурстық орталығынан» шу шықты. Бұл жолы әлеуметтік желіде лайк баспайтын қызметкерлер жазаланып жатыр екен, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ішкі ахуалына қатысты редакциямызға бірқатар қызметкерлер шағым түсірді. Олардың айтуынша, орталық басшылығы ұжым мүшелеріне әлеуметтік желілердегі белсенділігі үшін қысым көрсетіп, тіпті парақшалардағы жазбаларға «лайк» баспағандары үшін ескерту жасап жатқан көрінеді, - деп жазды  жергілікті блогер Азат Дидарбек.

Оның жазуынша, орталық ішіндегі кей қызметкерлерге желідегі әрекеттері үшін сөз естіп, аты-жөні тізімге ілініп, «ескерту» алған. 

Кейбір қызметкерлердің жүйкесі сыр беріп, денсаулығы нашарлаған. Бүгін ғана осындай қысымға шыдай алмаған орталық қызметкерінің бірі есінен танып, жедел-жәрдем шақыруға тура келген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Орталықтағы тәртіп пен ішкі ахуалды реттеуі тиіс басшылықтың бұл әрекеті қала жастарының мәселесін шешуі тиіс мекеме мәртебесіне көлеңке түсіріп отыр. Жастардың мәселесімен айналысудың орнына, мәселе көтерген жастарға қысым көрсетіліп жатқаны – қоғам назарын аударуды талап ететін жағдай, - дейді Азат Дидарбек.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова барлығын көріп отырмын деп айтты.

Алаңдап, сілтеме жіберіп отырғандарыңызға рахмет. Бірақ әріқарай жіберудің қажеті жоқ. Мен жағдайдың алғашқы жариялануынан бастап хабардармын. Өзіме жұмыс жоспарын белгіледім. Жағдай бойынша шешім әділетті және обьективті түрде қабылданады, - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ерлан Қарин: Басқа мемлекеттен ақша алып, еліңді жамандау, сын емес сатқындық
20.07.2025ж. 22:39

Ерлан Қарин: Басқа мемлекеттен ақша алып, еліңді жамандау, сын емес сатқындық

Ол подкаст бағдарламалардың көбісінде саясатты талқыланатынын айтты.
Президенттік қызметке қайта кіріскелі Трамп сыртқы сауда саясатын қатаңдата бастады.
2006 жылдан 2024 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,2 миллион адам Ресейге көшіп барған.
Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →