×

Украинада соғысқан екі қазақ жігіті қайтарылды

Украинада соғысқан екі қазақ жігіті қайтарылды
Владимир Зеленскийдің телеграм арнасынан

Ресей президенті Владимир Путин 19 сәуір күні кешке Украинадағы барлық әскери іс-қимылдарды уақытша тоқтату туралы бұйрық берді. Украина басшысы Владимир Зеленский бұл бастаманы қолдап, тыныштық кезеңін 30 күнге ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Пасхадағы бітім аясында тұтқындар алмасуы болды. Әр тараптан 246 адам босатылды. Сонымен қатар, Украинаға 31 жараланған әскери қызметкер қайтарылып,ал Ресей 15 жараланған сарбазды алды.

«Наш выход» қоғамдық қозғалысы жариялаған Украина босатқан адамдар тізімінде екі Қазақстан азаматы бар. Олардың мәліметінше, тұтқындар алмасу нәтижесінде 2005 жылы туған Егамбердиев Шерхан Жұманазарұлы мен 2002 жылы туған Ордабаев Ерболат Дулатұлы бостандыққа шыққан.

Бұл – Украина тарапынан Ресеймен алмасу аясында Орталық Азия елдерінің азаматтарын беруінің алғашқы жағдайы емес. 2024 жылғы шілде айында Қырғызстан азаматы Әлішер Тұрсынов қайтарылған болатын.

2025 жылдың басынан бері Ресей мен Украина үш рет тұтқындар алмасуын жүзеге асырды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын ауыстырып тастады
17.04.2025ж. 09:26

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын ауыстырып тастады

Бұған дейін бұл қызметті атқарған тұлғалар қызметінен босатылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →