×

«Егер бұл тапсырыс болса, билік үшін сын әрі ескерту». Жаңбыршин Берденовке қатысты қастандық туралы

«Егер бұл тапсырыс болса, билік үшін сын әрі ескерту». Жаңбыршин Берденовке қатысты қастандық туралы
Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин кулуарда күні кеше Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның пікірінше, бұл қылмыс «билікке ескерту» деп санайды.

Менің ойымша, бұл мемлекет үшін сын. Ал енді оның тапсырыспен жасалған қылмыс екені расталса, бұл билік үшін ескерту, құлаққағыс. Өйткені мен Берденовті тәртіпті адам ретінде білемін. Онымен бірге жұмыс істедім, 3-4 күн бұрын жеке де сөйлестік. Бір мәселені талқылағанбыз. Руслан қалада тәртіп орнатқысы келді деп ойладым. Меніңше, мұндай тәртіп көп адамға ұнай бермесі анық, - дейді депутат.

Сондай-ақ, ол бұл іс бойынша сот ашық сотта өтуі керектігін айтты.

Менің ойымша, бірінші кезекте тапсырыс берушіні табу керек. Ал сот ашық өтуі тиіс. Бұл қайталанбауы үшін және барлығына сабақ болуы қажет, - дейді Еділ Жаңбыршин.

Ол оқиғаның нұсқаларына қатысты болжамдар тергеуге кедергі келтіруі және жәбірленушіге зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік,  21 сәуір күні кешке Шымкент қаласы әкімдігінің маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалды.

Оқиға шамамен сағат 20:30-да болған. Зардап шеккен шенеунік оң жақ саны мен иығына оқ тиген жарақатпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, дереу ота жасалды. Дәрігерлер оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →