×

«Үнсіз қалды»: Шымкенттегі резонанстық оқиғаға әкімдік реакциясы

Әкімдік ресми тергеу қорытындысын күтуді жөн көріп отыр

«Үнсіз қалды»: Шымкенттегі резонанстық оқиғаға әкімдік реакциясы
Фото: ашық дереккөзден

Жасөспірімнің өліміне қатысты қоғамда алаңдаушылық артқан тұста, Шымкент қаласы әкімдігі оқиғаға байланысты ресми түсініктеме бермей отыр. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеме жасап, әкімдіктің бұл мәселеге қатысты өкілеттігі шектеулі екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қылмыс жасалынған жерде біздің өкілеттілігіміз жүрмейді. Қылмыс жасалынған жерде полицияның өкілеттілігі басталады. Өздеріңіз білесіздер, полицияның өкілеттігін құқық қорғау органдары өкілеттігі басталған жерде жергілікті атқарушы органның өкілеттігі жүрмейді», – деді Құранбек.

Оның сөзінше, тергеу амалдары жалғасып жатыр, ал оқиға бойынша қандай да бір пікір айту — прокуратура мен полиция құзырындағы мәселе. Жергілікті атқарушы органның тергеу барысына араласуға заңдық негізі жоқ екені тағы бір мәрте қайталанды.

Сонымен қатар, денсаулыққа қатысты барлық мәселені Денсаулық сақтау басқармасы жүргізіп жатқанын атап өтті.

Әкімдік үнсіздігі

Қоғам арасында тараған пікірлерге сүйенсек, кейбіреулер әкімдіктің үнсіздігін бейқамдыққа баласа, енді біреулер оны заң аясындағы шектеулермен байланыстырады. Ресми тұлғалардың айтуынша, бұл жағдайда қандай да бір ақпаратты жария ету тергеуге кедергі келтіруі мүмкін.

Сәрсен Құранбектің сөзінше, әкімдік ресми тергеу қорытындысын күтуді жөн көріп отыр. Ол сондай-ақ қылмыскердің әрекетіне байланысты таралып жатқан ақпараттардың бірде-бірі шындыққа жанаспайтынын меңзеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →