×

Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттікте лауазымды қызметке тағайындалды

Ол бұған дейін Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарған

Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттікте лауазымды қызметке тағайындалды
Сурет: nur.kz

Ғұмар Серғазин Қазақстанның Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР пПрезидентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

" Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Жалпы ақпарат, білімі

Тағайындалғанға дейінгі қызметі:

   ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры

     Білімі:

- Қазақ-Америка университеті, мамандығы – заңгер, (2008 ж.);

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, (2013 ж.);

- АЭХА Ядролық құқық институты (Австрия) (2015 ж.);

- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік институты, мамандығы «электроэнергетика» (2020ж.);

Мансап

Еңбек өтілі:

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ инспекторы, кеңесшісі, бас инспекторы,  операциялық зал бастығының орынбасары (2008-2011 жж.);

«БТА Банк» АҚ Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері (заң секторының меңгерушісі) (2011 ж.);

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2011-2012 жж.);

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы (2013-2014 жж.)

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасының басшысы, Заң басқармасының басшысы (2014 ж.);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Заң басқармасының басшысы (2014-2016 жж.);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары (2016-2017 жж.);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2017-2023 ж.);

ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры (2023 ж. наурызынан бастап).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Билік «қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме - Ерлан Қарин
25.04.2025ж. 21:13

Билік «қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме - Ерлан Қарин

Керісінше, қазақ тілінің қоғамдағы рөлі жыл өткен сайын артып келеді.
Қазақстанда 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады
Орта Азиядан келген сарбаздардың бәрі бірдей орыс тілін білмегенімен, өздерін ержүрек жауынгер ретінде көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →