×

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар жұмсаған

100 000 фунт стерлингке жуық Наполеонның хаттарын сатып алуға жұмсаған деп айыпталады

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар жұмсаған
Фото: The Telegraph

Ұлыбританиялық The Telegraph басылымы 18 жылға сотталған Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен Англияның Лейбористік партиясының бұрынғы көшбасшысы Тони Блэрмен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл сурет 2012 жылы түсірілген.  Тони Блэрдің Қазақстан үкіметімен байланыстары қайтадан қоғам назарында. Freedom for Eurasia ұйымының «Napoleon Complex» атты жаңа баяндамасында бұрынғы Ұлыбритания премьер-министрі мен қазір түрмеде отырған Кәрім Мәсімовтің тығыз байланысы жайлы тың мәліметтер жарияланды. Аталған баяндамада Кәрім Мәсімовтің жемқорлыққа қатысы бар екені және астрологтарға орасан қаражат жұмсағаны айтылған.

Кәрім Мәсімов жемқорлық жолмен жиналған қаражатты қымбат мерекелерге, Париждегі Disneyland-қа, Ritz қонақүйіне, бес шетелдік мүлікке және Mercedes-Benz көліктеріне жұмсаған. Сонымен қатар ресейлік астрологқа 200 000 доллар төледі, тіпті құны 100 000 фунт стерлингке жуық Наполеонның хаттарын сатып алуға жұмсаған деп айыпталады.

Блэрдің өкілі бұл баяндаманы «Tony Blair»  есімі арқылы қара пиар жасау әрекеті деп атады. Ол Қазақстандағы жұмыстың басты мақсаты — "экономикалық және әлеуметтік реформалар" болғанын айтып, Блэрдің ешбір жемқорлық ісіне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда шетелдік «алтын виза» енгізіледі
01.05.2025ж. 03:02

Қазақстанда шетелдік «алтын виза» енгізіледі

Бұл «алтын виза» Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға рұқсат алу мүмкіндігін көздейді.
Ол бұған дейін Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарған
Керісінше, қазақ тілінің қоғамдағы рөлі жыл өткен сайын артып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →