×

Құпиялықты жойды: Ресейдің Қорғаныс министрлігі Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын жария етті

Ұзақ жыл құпия сақталған құжатқа гвардия подполковнигі қол қойған

Құпиялықты жойды: Ресейдің Қорғаныс министрлігі Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын жария етті
Коллаж: Кемел Тоқаев/ Қасым-Жомарт Тоқаев

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі — гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағы құпиясыздандырылып, көпшілікке жарияланды.

«Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, автоматымен 5 немісті атып өлтірді және бір жаралы немісті тұтқынға алды», –  делінген марапаттау парағында.

Ұзақ жыл құпия сақталған құжатқа гвардия подполковнигі қол қойып, батырдың ерлігі туралы жазған. Кемел Тоқаев 1945 жылы Еглиёвец елдімекенінде түн ортасында шабуылдаған немістерді қайта шегіндіргені үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
Кеше, 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →