×

Тоқаев вьетнамдық КПОК Бас хатшысы То Ламды “Достық” орденімен марапаттады

Салтанатты рәсім Ақордада президент резиденциясында өтті

Тоқаев вьетнамдық КПОК Бас хатшысы То Ламды “Достық” орденімен марапаттады
Сурет: Aкorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламды “Достық” І дәрежелі орденімен марапаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің  баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Қазақстан мен Вьетнамды ежелгі тарихи тамыры бар жылы достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Ол 1959 жылы Қазақстанға Вьетнамның тұңғыш президенті Хо Ши Миннің келгенін еске салды. Бұл сапар екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың берік негізін қалаған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Вьетнам шынайы стратегиялық серіктестік қатынастар орнатқан.

“Сіздің елімізге жасаған мемлекеттік сапарыңыз тарихи мәнге ие. Ол Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастың жаңа белесіне айналды. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесінде біз стратегиялық серіктестік орнатуға уағдаластық. Бұл екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтереді. Мұны жүзеге асыруға бізде саяси ерік-жігер мен айтарлықтай экономикалық әлеует бар. Екі ел арасындағы достықты нығайтудағы ерекше рөліңізді жоғары бағалап, Сізге Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты — “Достық” ордені І дәрежесін табыс етуге рұқсат етіңіз. Сіз бұдан әрі де Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға үлес қоса бересіз деп сенемін”, — деді Мемлекет басшысы.

То Лам өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақ халқына жоғары мемлекеттік марапат үшін алғыс білдірді.

“Бұл мен үшін маңызы зор марапат. Ол ондаған жылдық ынтымақтастық пен бірліктің, екі ел халқы арасындағы шынайы сенім мен достықтың айқын символы. Қазақстанға өркендеу, қазақ халқына бақыт пен амандық тілеймін”, – деді Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы.

Келіссөздердің нәтижесінде Тоқаев пен То Лам бірлескен мәлімдемеге қол қойды.


Официальдық делегациялар мынадай құжаттармен алмасты:

  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Вьетнам Ғылым және технология министрлігі арасындағы технология, инновация және цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

  • Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Вьетнамның Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы 2025–2027 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

  • Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі мен Вьетнамның Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы 2025–2027 жылдарға арналған спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

  • Қазақстан мен Вьетнам Әділет министрліктері арасындағы 2025–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;

  • Қызылорда облысы әкімдігі мен Вьетнамның Хынг Йен провинциясы арасындағы бауырластық қатынас орнату туралы меморандум;

  • “Qazaq Air” АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату мәмілесін аяқтау туралы растайтын акт («Самұрық-Қазына» АҚ пен SOVICO Group арасында);

  • “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ пен Petrovietnam Exploration Production арасындағы геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Вьетнам ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президент Вьетнам бас хатшысы мен жұбайына арнайы шапан жапты
Бүгін, 16:32

Президент Вьетнам бас хатшысы мен жұбайына арнайы шапан жапты

Екі ел дипломаттары бүгін стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен мәлімдеме жасады
100 000 фунт стерлингке жуық Наполеонның хаттарын сатып алуға жұмсаған деп айыпталады
Бұл «алтын виза» Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға рұқсат алу мүмкіндігін көздейді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →