×

АҚШ-тың Алматыдан 49 жылға жалға алатын жерге қанша төлейтіні белгілі болды

АҚШ консулдық мекеме ғимараттарын салу үшін 70 593 шаршы метр жер учаскесін алады

АҚШ-тың Алматыдан 49 жылға жалға алатын жерге қанша төлейтіні белгілі болды
Сурет: egemen.kz

АҚШ-қа Алматыдан 70 мың шаршы метр жер берілетін болды. Аталмыш заңды Сенат ресми мақұлдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тиісті заң жобасын бүгін сенатта қаралған болатын.

“Аталған келісім мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымының 74-сессиясына қатысу қорытындысы бойынша берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген. Құжат шеңберінде АҚШ үкіметіне Алматы қаласында консулдық мекеме ғимараттарын салу үшін 70 593 шаршы метр жер учаскесі 49 жыл мерзімге жалға беріледі. Келісім бойынша жер учаскесін беру тәртібі мен шарттары нақты белгіленген. Жалға алу мерзімі үшін жалдау ақысы 25 миллион АҚШ долларын құрайды және бұл сома Келісім күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде біржолғы төлеммен төленеді”, – дейді сенатор Амангелді Нұғыманов.

Келісім бойынша АҚШ үкіметі жер учаскесі мен консулдық ғимаратқа қатысты барлық салықтар мен басқа да төлемдерден босатылған. (жалдау ақысынан басқа).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жеңіс парадына қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге ұшып барды
Бүгін, 15:02

Жеңіс парадына қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге ұшып барды

апар аясында мемлекет басшысы бірқатар шет мемлекеттердің басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →