×

Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды

Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің кеңсесінде өтіп жатыр.

Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды
Depositphotos

Түркияның Ыстамбұл қаласында Ресей мен Украина делегациялары арасында келіссөздер басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданның кіріспе сөзімен ашылды.

Ресей тарапынан делегацияны президент көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Ал оның құрамында Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков және қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин бар.

Украина делегациясын елдің қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарады. Онымен бірге 11 өкіл келіссөзге қатысуда. Олардың қатарында Украина сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислица, Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Александр Поклад, Сыртқы барлау қызметі төрағасының бірінші орынбасары Олег Луговский және Украина Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Алексей Шевченко бар.

Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің Долмабахчедегі кеңсесінде өтіп жатыр.

Кейінірек оларға Түркия ұлттық барлау қызметінің басшысы Ибрагим Калын да қосылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →