×

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады

  Венгрия – Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ел ретінде мүше

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады
Сурет: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға баратын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті Венгрия астанасы – Будапешт қаласында өтеді. Венгрия – Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ел ретінде мүше.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының (бұрынғы атауы – Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі) саммиті 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан мүше болса, Венгрия мен Түрікменстан бақылаушы ел ретінде қатысады. Түркі мемлекеттері ұйымының үш саммиті Қазақстанда (екі рет Астанада, бір рет Алматыда) өтті. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Кеше, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →