×

Джо Байденнен қатерлі ісік анықталды

Мұны дәрігерлер растады.

Джо Байденнен қатерлі ісік анықталды
grozny-inform.ru

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге қуықасты безінің агрессивті қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Бұл ақпарат 18 мамырда жарияланған ресми мәлімдемеде расталды. Жаңалықты бірнеше америкалық БАҚ таратып үлгерді, деп хабарлайды qaz365.kz.

Байден соңғы аптада зәр шығаруға байланысты қиындықтарға тап болып, медициналық тексеруден өткен. Тексеру нәтижесінде қуықасты безінде түйін анықталып, қосымша сараптамалар жүргізілді. Жұма күні дәрігерлер оның қатерлі ісікке шалдыққанын ресми түрде растады.

Мәлімдемеге сәйкес, ісік Глисон шкаласы бойынша 9 баллға бағаланған және сүйекке метастаз берген. Бұл — аурудың аса қауіпті әрі жылдам таралатын түрі екенін көрсетеді. Дегенмен қатерлі ісік гормондарға сезімтал болғандықтан, оны емдеу мүмкіндігі бар екені айтылды.

Қазіргі таңда Байден мен оның отбасы білікті мамандармен бірлесіп, емдеу әдістерін мұқият қарастырып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →