×

«Орыс ұлты өкілдерін кемсіттті» деп сотталған Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты

Айта кетейік, 2022 жылы наурызда блогерлер Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбай Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға қамауға алынған болатын.

«Орыс ұлты өкілдерін кемсіттті» деп сотталған Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты

Ресей туралы жазбалары үшін 5 жылға сотталған блогер Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы депутат Ермұрат Бапи жазды.

Елдің егемендігіне, хазақтың намысына араша түсем деп, сотты болған Марғұлан Боранбай төрт жылдан соң түрмеден шығып, ағасына амандасуға келіпті. Былтыр күзде Серікжан екеуіміз колонияға, Марғұлан марқасқаға барғанымызда шартты түрде шығуға көмектесейік деп едік.  «Ешкімнен кешірім сұрайтындай кінам жоқ, соңына дейін отырамын деген-ді. Сонда қазақтың намысын шовенист-ватниктерден қорғаймын деп, нақақ жаламен абақтыға қамалған мінезді Марғұлан. «Қазақтың нағыз ұлтшыл патриоты кім?», әлдекім сұрай қалса, ойланбастан осы оғыланды атаңыздар! Ешқашан қателеспейсіз, Марғұлан сізді қателестірмейді! Кәміл сенем! Аман бол, алтын бауырым! - деп жазды Бапи.

Айта кетейік, 2022 жылы наурызда блогерлер Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбай Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға қамауға алынған болатын.

Сот шешіміне сәйкес, айыпталушылар 2018 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшаларында ұлтаралық алауыздықты қоздыру мақсатында жазба жариялап, орыс ұлты өкілдерін кемсіткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →