×

Ресей мен Украина делегациялары келіссөздер өткізу үшін Ыстамбұлға барды

Екі елдің басшылары өз өкілдерін жіберген. 

Ресей мен Украина делегациялары келіссөздер өткізу үшін Ыстамбұлға барды
Pixabay.com

Ресей мен Украина делегациялары Ыстамбұлда келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, келіссөздердің басында Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан сөз сөйлейді. Ресей делегациясын президент Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский, ал Украина делегациясын қорғаныс министрі Рустем Умеров бастап келді.

Мединскийдің мәліметінше, Украина өз меморандумын Ресейге украин және ағылшын тілдерінде тапсырған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл құжаттың басты талаптары мыналар:

  • атысты толық тоқтату,
  • әскери тұтқындарды «барлығын барлығына» формуласы бойынша айырбастау,
  • Украинаға халықаралық қауіпсіздік кепілдіктерін беру,
  • Путин мен Зеленский арасында кездесу ұйымдастыру.

Ресей өз меморандумын тікелей келіссөз үстінде таныстыруды жоспарлап отыр.

Естеріңізде болса, 16 мамыр күні Түркияның Ыстамбұл қаласында Ресей мен Украина арасындағы үш жылдан бергі алғашқы тікелей келіссөздер өтті.

The Economist журналисі Оливер Кэрроллдің айтуынша, Мәскеу бұл кездесуде Украинаға тарихи мысал келтіре отырып, «Швециямен 21 жыл соғысқанын» еске салған және Харьков пен Сумы облыстарын да басып алу туралы қаупін қоқан-лоқы көрсеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ерлан Қарин: Басқа мемлекеттен ақша алып, еліңді жамандау, сын емес сатқындық
20.07.2025ж. 22:39

Ерлан Қарин: Басқа мемлекеттен ақша алып, еліңді жамандау, сын емес сатқындық

Ол подкаст бағдарламалардың көбісінде саясатты талқыланатынын айтты.
Президенттік қызметке қайта кіріскелі Трамп сыртқы сауда саясатын қатаңдата бастады.
2006 жылдан 2024 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,2 миллион адам Ресейге көшіп барған.
Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →