×

Үкімет Қытайдан 1 млрд юань қарыз алатын болып келісті

Қазіргі уақытта «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ үшін 1 млрд юаньнан астам сомаға қосымша несие тарту мүмкіндігі пысықталуда.

Үкімет Қытайдан 1 млрд юань қарыз алатын болып келісті
Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық Industrial and Commercial Bank of China басқарма төрағасы Лю Цзюньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды   Qaz365.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша,инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары және ұзақмерзімді қаржыландыруды тарту мәселелері талқыланған.

Қазақстанда ICBC еншілес банкі – «Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ еншілес банкі жұмыс істейді. Кездесуде ICBC экономиканың негізгі салаларын қолдауға қатысқаны, оның ішінде «Бәйтерек» холдингімен бірлескен жобаларды жүзеге асырғаны атап өтілді.

Осылайша, 2025 жылдың наурыз айында Холдинг «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыру үшін 430 млн юань тартты. Бұл Қазақстанның аграрлық саласын тұрақты түрде ұзақмерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды.

Қазіргі уақытта «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ үшін 1 млрд юаньнан астам сомаға қосымша несие тарту мүмкіндігі пысықталуда. Сондай-ақ 5 млрд юаньға дейінгі көлемдегі облигацияларды орналастыру арқылы Қытайдың қарыз нарығына шығу перспективасы қарастырылуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан
Кеше, 23:33

Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан

Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды
Елде дамудың негізгі факторы заң үстемдігі мен тәртіптің сақталуымен байланысты 
Бұл ұстаным мемлекеттік басқарудың елдің тұрақты әрі орнықты дамуына бағытталуын қамтамасыз етеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →