×

Депутат «Елбасы» атауын толықтай жоюды талап етті

Ол тек «экс-президент» деп қана қалуы керектігін айтты. 

Депутат «Елбасы» атауын толықтай жоюды талап етті
Мәжілістің баспасөз қызметі

«Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі Қазыбек Иса «Елбасы» ұғымынан толықтай бас тарту керектігін алға тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазыбек Иса Мәжілістің жалпы отырысында қабылданған «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының жобасындағы» Елбасы деген атаудың заңсыз екенін алға тартты.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының» 4-бабы Рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдарды айқындаған. Осы баптың 13 тармағына: «ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қол сұғушылық» та (166-1 бап) кіргізілген. «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы» деген атау тұңғыш рет 2000 жылы 20 шілдеде Парламентте қабылданған. Ал 2023 жылы 11 қаңтарда Парламенттің VII шақырылымында біз «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы заңның» күшін жойғанбыз. Ол 2023 жылы 13 ақпанда күшіне енген, - деді депутат.

Осы орайда мәжілісмен бұл жаңа заң жобасында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы» деген атау неліктен заңсыз қолданылып тұрғанын сұрады.

Бұл қандай заңдылыққа жатады?! Бұл жерде тек «экс-президент» деп қана аталуы керек қой! Ендеше «Елбасы» деген атаудың да заң бойынша күші жойылуы керек қой?! – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →