Бүгін Израиль әуе кеңістігін жапты және мектептердегі сабақтарды тоқтатты
Израиль Иранмен соғысты бастады. Қорғаныс министрі Исраэль Кац бүкіл ел аумағында тылда төтенше жағдайдың дереу енгізілгенін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Axios агенттігіне сілтеме жасап.
Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранға қарсы «алдын ала» әскери соққылар басталғанын растады. Израиль операциясы «Арыстан күші» деп аталды. Әскерилердің айтуынша, шабуылдар Тегеранның ядролық нысандарына бағытталған – ондаған нысана жойылған.
Бүгін Израиль әуе кеңістігін жапты және мектептердегі сабақтарды тоқтатты.
«Израиль мемлекеті Иранға алдын ала соққы жасағаннан кейін, жақын арада Израиль мемлекетіне және оның бейбіт тұрғындарына зымырандық және дрондық шабуылдар жасалады деп күтілуде», — деді Кац.
Тегеранда өрт шықты. Тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары өртеніп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, израильдік күштер Тегерандағы Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) жоғары шенді командирлері тұратын пәтерлерге де шабуыл жасаған.
Иранның жоғарғы басшылығы жасырын кеңес өткізіп жатыр, деп хабарлайды Clash Report.
Бұған дейін Тегеран егер Тель-Авив тарапынан шабуыл жасалса, аймақтағы америкалық базаларға соққы беретінін мәлімдеген болатын. Иранның барлау министрі Израильге қарсы, оның ғылыми және ядролық секторларына бағытталған ауқымды барлау операциясы жүргізіліп жатқанын айтқан.
Кеше АҚШ шиеленістің күшеюіне байланысты Иран Ислам Республикасындағы елшілік қызметкерлерін эвакуациялады.
Еске сала кетейік, бұған дейін израильдік шенеуніктер америкалық әріптестеріне Иранға қарсы әскери операция бастауға дайын екендерін хабарлаған болатын.