×

Ермұрат Бапи үшін сайлауға түсуден бас тартты

Ол бұл туралы Facebook парақшасында бөлісті

Ермұрат Бапи үшін сайлауға түсуден бас тартты
коллаж Qaz365.kz

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Төлеуғали Тайтөлеев басқа кандидатқа жолын беріп, ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына түсуден бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұл туралы Facebook парақшасында бөлісті.

“Құрметті менің оқырмандарым!

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер ретінде №3 бірмандатдық аумақтық сайлау округіне тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарын бастап кеткенімнен бәріңіз хабардарсыздар.

Ал бірақ бүгін кандидаттықтан бас тарттым. Бұл шешімді жан-жақты ойлана келе қабылдадым. Негізгі қызметім бар, одан бөлек айналысатын біраз қоғамдық жұмыстарым да бар, соның бірі – Қазақстан футзал қауымдастығының Президентімін. Осы жұмыстарым арқылы да қоғамға, елге пайдамды тигізе аламын деген ойдамын. Сонымен қатар әр жұмыстың сапалы болуы мен үшін маңызды”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол өзінің жолын Ермұрат Бапиге бергісі келетінін айтып, жақтаушыларын оған дауыс беруге шақырды.

“Оның үстіне мен тіркелген осы сайлау округінде еліміздің жанашыр азаматы, саясаткер, журналист, "Дат" газетінің жетекшісі Ермұрат Бапи ағам да бар. Бұл кісінің көп жылдарғы ел үшін сіңірген еңбегімен таныспын, әр ісіне құрметпен қараймын. Дана қазақ: «Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без, аға тұрып іні сөйлегеннен без» деген. Сондықтан ағаммен қосыла шауып ағаттық жасағым келмеді. Менің Мәжілісте отырып айтарымды бұл кісінің де толықтай айта алатынына сенімдімін.

Бізге қоғамдық бірлік керек, кім депутат болса да, халықтың мүддесін жоғары қойып қызмет ететін шын жанашырлар керек.

Өзімнің жанашырларым мен жақтаушыларымды Ермұрат Бапиге дауыс беруге шақырамын және өзім де толық қолдаймын”, – деді Тайтөлеев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →