Иранның сыртқы істер министрі Израиль Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты ешқандай келісімді қаламайтынына сенімді екенін білдірді.
Тегеран Иранның ядролық қаруға ие еместігін кепілдендіретін келісім жасауға дайын.Бұл туралы жексенбі күні Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи елшілермен кездесуде мәлімдеді. Кездесу ирандық теледидар арқылы тікелей көрсетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Біз Иранның ядролық қаруға ие болмауын қамтамасыз ететін кез келген келісімге дайынбыз, өйткені біздің қағидамызға сәйкес, ядролық қаруға тыйым салынған. Бірақ егер келісімнің мақсаты Иранның ядролық құқықтарынан айыру болса, онда біз ондай мәмілеге бармаймыз, – деді Аракчи.
Иранның сыртқы істер министрі Израиль Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты ешқандай келісімді қаламайтынына сенімді екенін білдірді.
Израиль ешқандай келісімді, ешқандай келіссөзді және ешқандай дипломатияны қаламайтыны айдан анық. Келіссөздер жүріп жатқан кезде Иранға қарсы агрессияның жалғасуы – Израильдің қандай да бір келіссөзге қарсы екенін көрсетеді, – деді Аракчи.
Оның айтуынша, егер Иранға қарсы агрессия тоқтатылса, Тегеран да Израильге қарсы шабуылдарын тоқтатуға дайын.
Біз өзімізді қорғаймыз, бұл — өзін-өзі қорғау. Әрине, егер агрессия тоқтатылса, біз де жауап беруді тоқтатамыз, – деді Иран СІМ басшысы.
Министрдің айтуынша, АҚШ тарапы Иранға Израиль операцияларына қатыспайтыны туралы уәде берген. Алайда Тегеран бұл мәлімдемелерге сенімсіздікпен қарайтынын ашық айтты
АҚШ өзінің ұстанымын ашық білдіріп, ядролық инфрақұрылымға жасалған шабуылды шынайы түрде айыптауы қажет, – деді ол.
Аракчидің айтуынша, Иран АҚШ-тан әртүрлі арналар арқылы Вашингтонның бұл шабуылдарға қатысы жоқ екенін және болашақта да қатыспайтынын айтқан бірнеше хабарлама алған. Алайда министр Тегеранның бұл мәлімдемелерге сенбейтінін жеткізді.