×

Қазақстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды

Ол бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарған

Қазақстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды
Сурет: kisi.kz

Бүгін президент жарлығымен Қазақстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

 

Білімі:

1992-1997 жж. – Варшава университетінің Халықаралық қатынастар институтын бітірген (Польша);

2014-2026 жж. – Гарвард университетінің Джон Ф. Кеннеди ат. Мемлекеттік басқару мектебінің  мемлекеттік басқару магистрі (АҚШ).

Саяси ғылымдарының кандидаты (2004 ж.)

Қазақ, орыс, ағылшын және поляк тілдерін меңгерген.

Еңбек жолы:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкілі.

2022 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.

2019–2022 жж. – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші уәкілі.

2018–2019 жж. – Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы.

2016–2018 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің басшысы.

2010–2014 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің басшысы.

2008–2010 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаментінің директоры.

2008 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары.

2007–2008 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, Стратегиялық даму және талдау орталығының сектор меңгерушісі.

2000–2005 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың Сыртқы саясатты зерттеу бөлімінің меңгерушісі.

1997–2000 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың аға ғылыми қызметкері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Иранда зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма? СІМ жауап берді
Бүгін, 14:49

Иранда зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма? СІМ жауап берді

Ол сол елдердегі отандастарымызбен байланыста екенін алға тартты. 
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бұрынғы төрағасы
Иранның сыртқы істер министрі Израиль Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты ешқандай келісімді қаламайтынына сенімді екенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →