×

Газа секторында бір тәулікте 66 адам қаза тапты

Әскери әрекеттер басталғалы Газа секторында 5 139 адам қаза тапты. 

Газа секторында бір тәулікте 66 адам қаза тапты
Pixabay.com

Соңғы бір тәулікте Газа секторында Израильдің соққылары салдарынан кем дегенде 66 адам қаза тапты. Бұл туралы палестиналық анклавтың Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

Соңғы 24 сағат ішінде Газа секторындағы ауруханаларға 68 адамның мәйіті жеткізілді, олардың екеуі бұрын қаза тапқан және үйінді астынан енді ғана табылған. Сондай-ақ 182 адам жарақат алды, – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ведомствоның мәліметінше, Израиль 18 наурызда әскери әрекеттерді қайта бастағалы бері Газа секторында 5 139 адам қаза тауып, жараланғандардың саны 16 882-ге жеткен.

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль шабуылынан құрбан болғандардың жалпы саны – 55 432 адам, жараланғандар саны – 128 923, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 18 наурызда Израиль армиясы Газа секторында әскери әрекеттерді қайта бастады. Бұл соққылар қаңтар айында енгізілген атысты тоқтату режимін бұзды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →