×

Қазақстанға Таяу Шығыстан босқындар ағыла ма? СІМ өкілі жауап берді

Ол министрлік жағдайды бақылап отыратынын алға тартты. 

Қазақстанға Таяу Шығыстан босқындар ағыла ма? СІМ өкілі жауап берді
ҚР СІМ

2025 жылдың 23 маусымында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты «Қазақстанға босқындар келуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта елге жаппай көшіп келу немесе босқындар ағыны туралы нақты дерек тіркелмеген.

Қандай да бір адамның елден қашып жатқандығы туралы нақты ақпарат жоқ. Біздің елге (босқындардан — ред.) ресми сұрау түскен жоқ. Ертең не боларын, тіпті келесі сағатта не боларын ешкім болжай алмайды. Сондықтан жағдайды бақылап, соған сай әрекет етеміз, — деді Смадияров.

Босқын кейпінде келетін террористерге қатысты қауіптің алдын алу шаралары туралы сұраққа жауап бере отырып, ол бұл мәселемен Ішкі істер министрлігі айналысатынын нақтылады.

Сонымен қатар Смадияров әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан, Сауд Арабиясы билігі Газа секторындағы тұрғындарды Қазақстанға көшіреді деген қауесетті жоққа шығарды:

Бұл — жалған ақпарат. Шындыққа мүлдем жанаспайды, — деп мәлімдеді Айбек Смадияров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →