×

Трамп Иран мен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді

Атысты тоқтатуды бірінші болып Иран бастайды.

Трамп Иран мен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді
truthsocial.com/@realDonaldTrump

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иранның толық атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Бұл келісім бірнеше сағаттан кейін күшіне еніп, 12 күнге созылған соғысты тоқтатады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы америкалық көшбасшы өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Баршаңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран арасында (әр тараптың соңғы әскери операциялары аяқталғаннан кейін шамамен 6 сағаттан соң) 12 сағатқа созылатын толық атысты тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілді. Осыдан кейін соғыс ресми түрде аяқталды деп есептеледі! – деп жазды ол.

Оның айтуынша, атысты тоқтатуды бірінші болып Иран бастайды, ал 12 сағаттан кейін оған Израиль қосылады.

24 сағаттан кейін бүкіл әлем 12 күндік соғыстың ресми аяқталғанын атап өтеді. Атысты тоқтату кезеңдерінің әрқайсысында тараптар бейбітшілікті және өзара құрметті сақтау міндетін алады. Әрине, егер бәрі жоспар бойынша жүрсе (солай болады да), – деді Трамп.

Ол Израиль мен Иранды «ұстамдылық, батылдық және даналық танытып, енді «12 күндік соғыс» деп аталатын қақтығысты тоқтатқанымен» құттықтады.

Бұл жылға созылатын, бүкіл Таяу Шығысты қирата алатын соғыс болуы мүмкін еді. Бірақ ол болмады және болмайды да! – деп толықтырды Ақ үй басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ерлан Қарин: Басқа мемлекеттен ақша алып, еліңді жамандау, сын емес сатқындық
20.07.2025ж. 22:39

Ерлан Қарин: Басқа мемлекеттен ақша алып, еліңді жамандау, сын емес сатқындық

Ол подкаст бағдарламалардың көбісінде саясатты талқыланатынын айтты.
Президенттік қызметке қайта кіріскелі Трамп сыртқы сауда саясатын қатаңдата бастады.
2006 жылдан 2024 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,2 миллион адам Ресейге көшіп барған.
Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →