×

Қазақстан қазіргідей қиын-қыстау жағдайда Катар халқын қолдайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Катар әмірінің саяси көрегенділігінің арқасында шиеленістің одан әрі ушықпағанын атап өтті

Қазақстан қазіргідей қиын-қыстау жағдайда Катар халқын қолдайды – Қасым-Жомарт Тоқаев
Akorda.kz

Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді. – 

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргідей қиын-қыстау жағдайда еліміз Қатар халқын қолдайтынын жеткізді. Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің саяси көрегенділігінің арқасында шиеленістің одан әрі ушықпағанын атап өтті. Сонымен қатар парасатты басшысы бар Қатар елі аймақтағы ең күрделі мәселелерді шешуде айрықша рөл атқаратынына назар аударды”, – делінген хабарламада.

Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға уағдаласып, Қатар Әмірінің алдағы уақытта елімізге жоспарланған сапарын талқылаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →