×

Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялау жалғасып жатыр

SCAT компаниясы Катардан жолаушыларды эвакуациялауға кірісті.

Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялау жалғасып жатыр
Pixabay.com

25 маусым күні SCAT және Air Astana әуе компаниялары Дубай мен Дохадан Алматы және Астана қалаларына алты рейс орындап, Қазақстан азаматтарын елге қайтарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, Таяу Шығыс бағытындағы ұшулар Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан елдерінің аумағын айналып өту арқылы жүзеге асырылып жатыр.

SCAT компаниясы Катардан жолаушыларды эвакуациялауға кірісті. Алғашқы рейс Доха – Алматы бағыты бойынша бүгін Катар уақытымен 07:35-те ұшып шықты. Ұшақ бортында 213 жолаушы болды. Сондай-ақ бүгін Доха – Астана бағыты бойынша тағы бір рейс орындалады, оның ұшуы Катар уақытымен 14:30-ға жоспарланған. Бұл рейспен 290 жолаушы жеткізіледі деп күтілуде.

Алдағы күндерге жоспарланған чартерлік рейстер:

2025 жылғы 27 маусым — Доха – Астана

2025 жылғы 29 маусым — Доха – Алматы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев пен Путин Мәскеуде келіссөз жүргізді: тараптар қандай мәселелерді талқылады
Бүгін, 17:51

Тоқаев пен Путин Мәскеуде келіссөз жүргізді: тараптар қандай мәселелерді талқылады

Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды
Бапидің айтуынша, аналардың наразылығын ұйымдастырған сыртқы немесе ішкі күштер болуы мүмкін
Оның айтуынша, облыстың қазіргі жағдайы мүшкіл
Сондай-ақ ол қазіргі жастардың бірнеше тілді еркін меңгеруі уақыт талабы екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →