×

Руслан Берденов өзіне жасалған қастандықтан соң лауазымын босатты

Бұл ақпаратты партияның баспасөз қызметі растады.

Руслан Берденов өзіне жасалған қастандықтан соң лауазымын босатты
Шымкент қалалық әкімдігі

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағасы лауазымынан өз еркімен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ақпаратты партияның баспасөз қызметі растады. Онда 2025 жылдың ақпан айында Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғаны айтылған.

«Мемлекеттік қызмет туралы заңның 10-бабы 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өз қызметтік міндеттерін атқару барысында бейтарап болуға және саяси партиялармен, қоғамдық немесе діни бірлестіктердің қызметімен байланысы болмауға тиіс. Қазіргі уақытта Руслан Берденов Respublica партиясының құрылымында ешбір басшылық лауазым атқармайды, дегенмен партия мүшесі ретінде қала береді, – делінген партия хабарламасында.

Бұған дейін Шымкент қаласы әкімдігі редакцияның ресми сауалына жауап бере отырып, 2025 жылдың 11 маусымындағы жағдай бойынша Руслан Берденов әкім орынбасары қызметін атқарып жатқанын және еңбек демалысында екенін хабарлаған болатын.

Аталған жағдайға байланысты ешқандай кадрлық немесе әкімшілік шешім қабылданған жоқ, – деп толықтырды әкімдік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әшімбаев Парламенттегі кезектен тыс сайлау туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді
Бүгін, 14:43

Әшімбаев Парламенттегі кезектен тыс сайлау туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді

Ол Парламент күн тәртібіне сәйкес жұмыс істеп жатқанын алға тартты. 
ChatGPT-ке қазақ тілінің болашағы мен қолданысы туралы сұрақ қойылды
Бұл мәселе алдын ала Сенаттың бейінді комитетінде қаралған.
SCAT компаниясы Катардан жолаушыларды эвакуациялауға кірісті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →