×

Әшімбаев Парламенттегі кезектен тыс сайлау туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді

Ол Парламент күн тәртібіне сәйкес жұмыс істеп жатқанын алға тартты. 

Әшімбаев Парламенттегі кезектен тыс сайлау туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді
senate.parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мұндай сайлау өткізудің ешқандай негізі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ондай әңгімелер көп деп айта алмаймын – ондай ақпаратты таратып жүрген біреулер бар шығар. Парламент өзіміздің заңнамалық күн тәртібімізге сәйкес жұмыс істеп жатыр. Осы сессия аясында біз өте маңызды заңдарды қарадық, олар президентіміздің реформаларын іске асыруға бағытталған, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол «Парламент палаталарын біріктіру жоспарланып жатыр ма?» деген сұраққа жауап берді.

Мұндай мәселелер кейде интернет кеңістігінде көтеріліп тұрады. Бірақ, шыны керек, кейбір «сарапшылардың» пікірлерін оқығанда күлкім келеді. Сіздер өздеріңіз көріп отырсыздар – қос палата бірлесіп тиімді жұмыс істеп жатыр. Біз бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Заңдарымыздың сапасы да жақсарып келеді, – деді Сенат спикері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Руслан Берденов өзіне жасалған қастандықтан соң лауазымын босатты
Бүгін, 14:37

Руслан Берденов өзіне жасалған қастандықтан соң лауазымын босатты

Бұл ақпаратты партияның баспасөз қызметі растады.
ChatGPT-ке қазақ тілінің болашағы мен қолданысы туралы сұрақ қойылды
Бұл мәселе алдын ала Сенаттың бейінді комитетінде қаралған.
SCAT компаниясы Катардан жолаушыларды эвакуациялауға кірісті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →