×

Журналист Думан Мұхаммедкәрім  рақымшылыққа іліне ме – Мәжіліс депутаты жауап берді

Мәжілісте Тәуелсіздіктің 33 жылдығына орай рақымшылық жасау жөнінде заң жобасы әзірленген

Журналист Думан Мұхаммедкәрім  рақымшылыққа іліне ме  – Мәжіліс депутаты жауап берді
Сурет: Думан Мұхаммедкәрім/ Абзал Құспан

“Журналист Думан Мұхаммедкәрім  рақымшылыққа іліне ме?!” Бұл сұрақты Qaz365.kz тілшісі Мәжіліс депутаты Абзал Құспанға қойды.

“Қолданыстағы Қылмыстық кодекстегі заңнамаға сәйкес Парламент жеке тұлғаларға қатысты рахымшылық жасау заңын шығармайды. Біз заң жобасын әзірлегенде арнайы статьяларды ескере отырып жасаймыз. Ал Думан Мұхаммедкәрімге тағылған айып экстремистік-террорристік, жемқорлық ісіне қатысты болса онда ол рахымшылыққа іліге алмайды. Жеке тұлғаға қатысты рахымшылық заңын Парламент емес, тек Мемлекет басшысы ғана қабылдай алады”, – деді Абзал Құспан.

Абзал Құспан жақында Мәжілісте Тәуелсіздіктің 33 жылдығына орай рақымшылық жасау жөнінде заң жобасын қорғаған еді. Оған сәйкес мыңдаған адам түрмеден босап шығады.

Еске сола кетейік, өткен жылы  журналист Думан Мұхаммедкәрі "Экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрім кінәлі деп танылып, жеті жылға сотталды.

Сонымен қатар, сот журналистке үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →