×

Ресей ресми түрде Ауғанстан Ислам Әмірлігін мойындады

Владимир Путин Ресейдің Ауғанстандағы «Ислам Әмірлігін» ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдады

Ресей ресми түрде Ауғанстан Ислам Әмірлігін мойындады
ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин 2021 жылы билікке келген «Талибан» қозғалысы жариялаған Ислам Әмірлігі Ауғанстанды ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл елдің атын «Талибан» билікке келгеннен кейін өзгерткен болатын. Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде бірде-бір мемлекет Ауғанстандағы талиб билігін ресми түрде таныған жоқ.

Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Путин бұл шешімді сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ұсынымы бойынша қабылдаған.

Кремльдің бұл шешімі белгілі болғаннан кейін көп ұзамай Мәскеудегі Ауғанстан елшілігінің қызметкерлері ғимараттың балконына шығып, Ауғанстанның туын іліп қойған, деп жазады ТАСС.

Сонымен қатар, Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко Ауғанстанның Ресей Федерациясындағы жаңа тағайындалған елшісі Гуль Хасан Хасанның сенім грамотасының көшірмесін қабылдаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
Кеше, 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →