×

«Одан әрі созбаймыз». Дональд Трамп Қазақстанға 1 тамызға дейін уақыт берді

Ол, сондай-ақ, ешқандай қосымша уақыт берілмейтінін қатаң ескертті.

«Одан әрі созбаймыз». Дональд Трамп Қазақстанға 1 тамызға дейін уақыт берді
Фото АР

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылғы 1 тамызда күшіне енетін баж салығының мерзімін одан әрі созбайтынын ескертті. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кеше және бүгін бірқатар елдерге жіберілген, сондай-ақ жақын күндері жіберілетін ресми хаттарда көрсетілгендей, тарифтер 2025 жылғы 1 тамыздан бастап төленуі тиіс. Бұл мерзім өзгермейді және өзгертілмейді», – деп жазды Трамп.

Ол, сондай-ақ, ешқандай қосымша уақыт берілмейтінін қатаң ескертті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Қазақстан тауарларына 25 пайыздық кедендік тариф енгізетінін хабарлаған. Ол бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатында жазған.

8 шілде күні ҚР Сауда және интеграция министрлігі ресми мәлімдеме жасап, Трамптың салығы қазақстандық экспорттың шамамен 95 пайызына әсер етпейтінін атап өтті. Ведомство мәліметінше, Қазақстан АҚШ-қа негізінен мұнай мен металдар экспорттайды, ал жаңа баж салығы азық-түлік пен дайын өнімдерге қатысты болуы мүмкін.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Режиссердің елге оралғанын кәсіпкер Болат Әбілов хабарлады.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі елдің сан қырлы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Әзербайжанда Түркі ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 12-ші саммиті өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →