×

Тоқаев Қазақстан тауарларына баж салығын енгізуге қатысты Трампқа жауап берді

Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Тоқаев Қазақстан тауарларына баж салығын енгізуге қатысты Трампқа жауап берді
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті.

Қазақстан президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді, - делінген Ақорда таратқан мәліметте.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Өз таңдауыңды жаса!» – алматылық қоғам белсендісі референдумға келуге шақырды
Бүгін, 22:03

«Өз таңдауыңды жаса!» – алматылық қоғам белсендісі референдумға келуге шақырды

Референдум – елімізде болып жатқан ең ауқымды өзгерістердің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →