×

Олжас Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма? Премьер-министр шындығын айтты

Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін

Олжас Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма? Премьер-министр шындығын айтты
Коллаж/Qaz365.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистер үкімет басшысынан:

«Сіз шынымен Әділбек Жақсыбековтің күйеу баласысыз ба? Егер олай болмаса, кімнің күйеу баласысыз?» – деп сұрады тілшілердің бірі.

Премьер бұл ақпаратты жоққа шығарып, ешбір шенеунікпен туыстық қатынасы жоғын нақты айтты.

«Бұл мәлімет шындыққа сай емес. Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін. Мен – қарапайым қазақ отбасының күйеу баласымын. Ал қай отбасыға күйеу бала екенім – жеке мәлімет, оны жариялауды қажет деп санамаймын. Сіз атаған ақпарат – жалған», – деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, Әділбек Жақсыбеков соңғы рет QazaqGaz ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Бұған дейін әр жылдары «Цесна» компаниясының директорлар кеңесін басқарған, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшысы және Астана қаласының әкімі лауазымдарын да иеленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев салық заңнамасына өзгерістер енгізетін заңға қол қойды
Бүгін, 17:10

Тоқаев салық заңнамасына өзгерістер енгізетін заңға қол қойды

Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.
Құрылтайшылардың бәрі – партияның қазіргі немесе бұрынғы қызметкерлері.
Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.
Ол, сондай-ақ, ешқандай қосымша уақыт берілмейтінін қатаң ескертті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →