×

«Бағанашылдағы» шудан кейін Алматы облысында екі басқарма басшысы жұмыстан қуылды

Ол енді кеңесші қызметін атқарады.

«Бағанашылдағы» шудан кейін Алматы облысында екі басқарма басшысы жұмыстан қуылды
Фото airpres.kz

Алматы облысының әкімдігі «Бағанашыл» балалар үйіндегі жағдайдан кейін тиісті шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сенімді дереккөздердің мәліметінше, Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбитов қызметтерінен босатылды. Бұған дейін балалар үйіндегі шудан соң облыс әкімнің идеологияға жауапты орынбасары Күреңбеков жұмыстан босатылып, «аялдамаға» отырған. Ол енді кеңесші қызметін атқарады.

Айта кетейік, Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты мәселе көктемде басталған еді. Содан бері балалар үйі жанжалдан арылмады. №1 облыстық балалар үйін Қонаевқа көшіру жоспарланғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұған қарсы балалар бейнеүндеу жасап, бұрынғы ғимаратта қалдыруды сұрады. Кейін Алматы облысы әкімдігі қазіргі тәрбиеленушілер Алматыда қалатынын, ал жаңа келетін балалар Қонаевтағы жаңа мекемеге орналастырылатыны айтылып еді.  Сосын президент Қасым-Жомарт Тоқаев араласып, балаларды Қонаевқа көшіру шешімін жеке өзі тоқтатқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Зеленский президенттік қызметтен қашан кететінін мәлімдеді
25.09.2025ж. 15:31

Зеленский президенттік қызметтен қашан кететінін мәлімдеді

Ол соғыс аяқталғаннан кейін президенттік өкілеттігін тоқтатуға дайын екенін айтты
Украина президенті келіссөз өткізуге ықтимал мемлекеттердің ішінде Қазақстанды да атады
Кездесу БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында өтеді. 
Сот шешімі түпкілікті күшіне енді және қайта қарауға жатпайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →