×

Германия Израильге қару экспортын ішінара тоқтатты

ФРГ канцлері Мерц Газада қолданылуы мүмкін әскери техника экспорты тоқтатылатынын мәлімдеді

Германия Израильге қару экспортын ішінара тоқтатты
Фото/Markus Schreiber

Германия Израильге қару-жарақ экспортын ішінара тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

DW жазуынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС ұйымына қарсы күрес жоспарын, оның ішінде Газа қаласын бақылауға алу шараларын жариялағаннан бірнеше сағат өткен соң, Германия билігі бұл елге қару жеткізуді ішінара тоқтататынын мәлімдеген.

ФРГ канцлері Фридрих Мерцтің 8 тамыз күні жағалау аймағында қолданылуы мүмкін әскери техника экспорты тоқтатылатынын мәлімдеді. Ол Германия «келесі хабарламаға дейін» Израильге Газада қолданылуы ықтимал әскери техниканы экспорттауға рұқсат бермейтінін айтты.

Мерц сонымен қатар Израиль министрлер кабинеті қабылдаған шешімге сәйкес Газа секторында израильдік армияның «одан да қатаң әскери қимылдарға» көшкенін атап өтті. Оның айтуынша, Германия үкіметі Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың зардабына әлі де қатты алаңдаулы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанадағы аналардың митингін белгілі бір күштер ұйымдастырған – Бапи
Бүгін, 11:54

Астанадағы аналардың митингін белгілі бір күштер ұйымдастырған – Бапи

Бапидің айтуынша, аналардың наразылығын ұйымдастырған сыртқы немесе ішкі күштер болуы мүмкін
Оның айтуынша, облыстың қазіргі жағдайы мүшкіл
Сондай-ақ ол қазіргі жастардың бірнеше тілді еркін меңгеруі уақыт талабы екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →