×

Трамп пен Путин Аляскадағы әскери базада кездесетін болды

Элмендорф-Ричердсон әскери базасы барлық қауіпсіздік талаптарына сай деп шешкен

Трамп пен Путин Аляскадағы әскери базада кездесетін болды
Фото әлеуметтік желіден

АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуі жұма күні Аляска штатындағы Анкоридж қаласында өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

15 тамыз күні Трамп Алясканың Анкоридж қаласына барады. Онда Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізеді. Ондағы Элмендорф-Ричердсон әскери базасын барлық қауіпсіздік талаптарына сай деп шешкен. Бұл туралы CNN телеарнасы Ақ үй дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Телеарна хабарлауынша, келіссөздердің егжей-тегжейі әлі пысықталып жатыр, ал Трамп үшін алдағы кездесу ең алдымен Путиннің ұстанымын тыңдау мүмкіндігі болмақ. 

АҚШ президентінің жұма күні «Ресейге барамын» деген сөзін түсіндіруді сұрағанда, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Ливитт болашақта Трамптың Ресейге бару жоспары болуы мүмкін екенін, бірақ қазіргі саммит АҚШ-та өтетінін айтқан.

Анкоридж – Алясканың оңтүстік бөлігінде орналасқан штаттағы ең ірі қала.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев пен Путин Мәскеуде келіссөз жүргізді: тараптар қандай мәселелерді талқылады
Бүгін, 17:51

Тоқаев пен Путин Мәскеуде келіссөз жүргізді: тараптар қандай мәселелерді талқылады

Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды
Бапидің айтуынша, аналардың наразылығын ұйымдастырған сыртқы немесе ішкі күштер болуы мүмкін
Оның айтуынша, облыстың қазіргі жағдайы мүшкіл
Сондай-ақ ол қазіргі жастардың бірнеше тілді еркін меңгеруі уақыт талабы екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →