×

Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

Сол күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. 

Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен еңбек ұжымдарының мүшелері қатысады.

Президент былтыр 2 қыркүйекте жолдау жасаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →