×

Алматыда кандидаттың сенімді өкіліне шабуыл жасаған адам мектептің мұғалімі болып шықты - видео

Ол сайлауға «бақылаушы» ретінде қатысқан

Алматыда кандидаттың сенімді өкіліне шабуыл жасаған адам мектептің  мұғалімі болып шықты - видео
Видеокадр / КазТАГ

Алматыда кандидаттың сенімді өкіліне шабуыл жасаған адам мектептің дене шынықтыру мұғалімі болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  КазТАГ агентігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы БАҚ өкіліне Алматының Ақжар шағын ауданында тұратын тұрғын айтқан. 

«Төбелесіп жүрген қоңыр түсті киім киген бұл адам дене шынықтыру мұғалімі. Ол жоғары сынып оқушыларына дене шынықтыру пәнінен сабақ береді», - дейді «Ақжар» шағын ауданының тұрғыны.

Кадрдан «бақылаушы» ретінде танылған жанжалды бастаушы Алматы қаласының №5 округінен Мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттың сенімді адамына шабуыл жасап, қолынан телефонды қағып, бетінен ұрып, мойнынан ұстап алғаны көрінеді. Сенімді адамға сыртқа шығып сөйлесуге шақырады. Сонымен қатар, бейнеде ол бақылаушы әйелдің қолындағы телефонды қағып жібереді. Бір кезде басқа біреудің смартфонын лақтырып жібереді. Бұл ретте, сайлау учаскесінің өкілдері мен күзет қызметі міз бақпайды. 

Бейнежазбада Қасқырбай есімді тағы бір «бақылаушы» арандатушыны төбелеске жеткізбей ұстап қалады. 

Айта кетейік, 19 наурыз күні кешке кандидаттың сенімді адамына қарсы «бақылаушылардың» бірі төбелес тудырмақ болып арандатқан, бейнекадр интернетте лезде тарады. Бір қызығы, полиция ол арандатушыны ұстамаған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Депутат утильалым мөлшерін 150 мың теңгеден асырмауды ұсынды
Бүгін, 15:53

Депутат утильалым мөлшерін 150 мың теңгеден асырмауды ұсынды

Депутат өз сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады
Депутат Әділет министрлігі өкіліне бірқатар сұрақ қойды
Депутат журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →