×

Ермұрат Бапи: Бір палаталы парламентке көшу қоғамның саяси дайындық деңгейіне байланысты

Кейбір шағын елдерде, мысалы Қырғызстанда, 300-ге жуық депутат бар

Ермұрат Бапи: Бір палаталы парламентке көшу қоғамның саяси дайындық деңгейіне байланысты
Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанда бір палаталы парламент құру бастамасына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, әлемдік тәжірибеге қарасақ, АҚШ пен Еуропаның көптеген елдерінде парламенттер партиялық негізде қалыптасады. Алайда Қазақстанда бұл мәселе қоғамның саяси тұрақтылығы мен даму деңгейіне тікелей байланысты.

«Әрине, дұрыс. Әлемге қараңыз: АҚШ болсын, Еуропа елдері болсын — парламенттердің бәрі партиялық негізде құрылады. Бірақ біздің ел әлі де транзиттік мемлекет. Саяси тұрғыдан қоғам тұрақты қалыптасып үлгермеді. Сондықтан партияға кірмеген азаматтардың құқығы қалай қорғалады деген сұрақ туындайды. Президент осы тұрғыдан жақсы айтты: партиялық негізде парламент құру үшін қоғаммен жұмыс істеу керек. Қоғамды партиялық пәтерлерге бөлу ме, әлде олардың өз еркіне сай таңдауына мүмкіндік беру ме — осы бағытта жұмыстар атқарылуы тиіс», — деді депутат.

Депутаттар саны қанша болуы тиіс?

Ермұрат Бапидің пікірінше, бір палаталы парламенттегі депутаттар саны аймақтардың заңнамалық қажеттіліктеріне қарай есептелуі қажет.

«Кейбір шағын елдерде, мысалы Қырғызстанда, 300-ге жуық депутат бар дейді. Бізде де ортақ мәміле табылатын шығар. Менің ойымша, өңірлердің заңына қарап есептейтін болсақ, бізде де шамамен 200 депутаттан кем болмауы керек. Бұл енді аса күрделі мәселе емес, нақты шешім қабылданады», — деді ол.

Депутаттың айтуынша, басты мәселе — депутаттар саны емес, парламенттің сапалы жұмыс істеуі мен қоғам сенімін ақтауы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →