×

СІМ өкілі Катарда қанша қазақстандық барын айтты

Қазіргі уақытта қазақстандықтарды эвакуациялау мәселесі талқылануда

СІМ өкілі Катарда қанша қазақстандық барын айтты
Фото әлеуметтік желіден

Израильдің әуе соққысынан кейін Катарда Қазақстанның 1500-ге жуық азаматы жүргені белгілі болды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандықтарды эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

“Жағдайдың барлық мән-жайын зерттеп отырмыз. Елшіліктен қосымша ақпарат күтіп отырмыз. Президент кеше мәлімдемесінде нақты ұстанымын айтты. Ең бастысы – біздің азаматтардың құқығы қорғалуы тиіс. Шешім қабылдау үшін салмақты саяси негіздер қажет”, – деді Бақаев.

Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, Катарда қазір шамамен 1500 қазақстандық азамат бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →