×

Президент Тоқаев Нью-Йоркқа баратын болды

Президент Тоқаев Нью-Йоркқа баратын болды
Акорда

21 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барады. Мемлекет басшысы мұнда үш күн болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар АҚШ бизнес-капитандарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесулер жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нью-Йоркке соңғы рет 2023 жылдың қыркүйегінде жұмыс сапарымен барған болатын.

Еске салсақ, тамыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесіп, Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталығының жұмысы, БҰҰ-ны реформалау, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Айдос Сарым Украина мен Ресейдің оны «қара тізімге» қосуы жайлы пікір білдірді
Бүгін, 18:26

Айдос Сарым Украина мен Ресейдің оны «қара тізімге» қосуы жайлы пікір білдірді

Айдос Сарым — «Бітімгер» тізіміне енген Қазақстандағы алғашқы депутат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →