×

Зеленский президенттік қызметтен қашан кететінін мәлімдеді

Ол соғыс аяқталғаннан кейін президенттік өкілеттігін тоқтатуға дайын екенін айтты

Зеленский президенттік қызметтен қашан кететінін мәлімдеді
Фото әлеуметтік желіден

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс біткен соң қызметінен кетуге әзір екенін, сондай-ақ ол атысты тоқтату режимі енгізілсе, Жоғарғы радаға сайлау өткізу туралы бастама көтеруге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Менің басты мақсатым – қайта сайлану емес, соғысты тоқтату», – деді Зеленский Axios басылымына берген сұхбатында.

Журналистердің «соғыс аяқталғаннан кейін өз миссияңызды аяқталды деп санайсыз ба?» деген сауалына мемлекет басшысы: «Иә, мен отставкаға кетуге дайынмын», – деп жауап берді.

BBC дерегінше, Зеленский атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілген жағдайда парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасайтынын айтты. Дегенмен ол елдің кейбір өңірлеріндегі қауіпсіздік ахуалы мен Украина Конституциясының талаптары белгілі бір қиындық тудыратынын айтты. Конституцияға сәйкес, әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге тыйым салынған. Соған қарамастан, Зеленский сайлау өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанадағы аналардың митингін белгілі бір күштер ұйымдастырған – Бапи
Бүгін, 11:54

Астанадағы аналардың митингін белгілі бір күштер ұйымдастырған – Бапи

Бапидің айтуынша, аналардың наразылығын ұйымдастырған сыртқы немесе ішкі күштер болуы мүмкін
Оның айтуынша, облыстың қазіргі жағдайы мүшкіл
Сондай-ақ ол қазіргі жастардың бірнеше тілді еркін меңгеруі уақыт талабы екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →