×

Илон Маск әлемдегі алғашқы жарты триллион доллар иесі атанды

Ол жаңа рекорд орнатты

Илон Маск әлемдегі алғашқы жарты триллион доллар иесі атанды
Фото әлеуметтік желіден

Әлемге танымал кәсіпкер, X әлеуметтік желісінің, SpaceX, xAI және Tesla компанияларының иесі Илон Маск тарихта алғаш болып жеке байлығы 500 миллиард долларға жеткен адам болды, деп хабарлайды Qaz365.kz шетелдік басылымға сілтеме жасап.

Forbes дерегінше, сәрсенбі күні Масктың дәулеті жарты триллион долларлық межеден асып, жаңа рекорд орнатты. Астана уақытымен бейсенбіге қараған түні оның байлығы 500 миллиард долларға жетті.

1 қазандағы қор нарығының сауда қорытындысы да бұл жетістікке тікелей әсер етті. Tesla акциялары шамамен 4 пайызға қымбаттап, Масктың дәулетін бір күнде 9,3 миллиард долларға ұлғайтты. Электромобиль өндірушісінің құнды қағаздары сәуір айынан бері екі есеге жуық өскен. Айта кетсек, сол кезде Маск Мемлекеттік басқарудың тиімділігі департаменті (DOGE) кураторы қызметінен кетіп, бар назарын Tesla-ға аударған болатын.

Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінің көшін алғаш рет 2021 жылы бастаған еді. Ол кезде ол Amazon негізін қалаушы Джефф Безосты басып озып, байлығы 271,3 миллиард доллар деп бағаланған.

Осылайша, небәрі бірнеше жыл ішінде Маск әлемдік капитал иелері арасындағы жаңа белесті бағындырып, тарихта алғаш болып жарты триллион долларлық дәулетке ие тұлға ретінде тіркелді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →