×

Ресей Қытаймен визасыз режим енгізеді

Ресей Қытай азаматтарына визасыз кіруге рұқсат береді

Ресей Қытаймен визасыз режим енгізеді
Фото әлеуметтік желіден

Бұл жөнінде Ресей президенті Владимир Путин «Валдай» пікірталас клубының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, Қытай тарапы 15 қыркүйектен бастап тәжірибе ретінде Ресей азаматтарына бір жылдық визасыз режим енгізген болатын. Қарапайым шетелдік төлқұжаты бар ресейліктер енді Қытайға іскерлік, туристік мақсатта, сондай-ақ туыстары мен достарына бару үшін еркін кіре алады. Бұған қоса, 30 күнге дейін визасыз сапар шегуге мүмкіндік берілген.

Бұл бастама жөнінде Қытай билігі қыркүйек айының басында, Путиннің Пекинге сапары кезінде хабарлаған. Ол кезде Ресей басшысы қытайлық әріптестерінің шешімін «күтпеген жағымды жаңалық» деп бағалап, Мәскеу де тиісті қадам жасайтынын айтқан еді.

Визасыз режим туризмге де серпін берген. OneTwoTrip деректеріне сүйенген «Коммерсанттың» мәліметінше, қыркүйек айында Қытайға әуе билеттерін брондау тамызбен салыстырғанда 60%-ға, ал өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға артқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
Кеше, 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →