Бұл ақпаратты қала әкімдігі растады
Оқ тиіп, ұзақ уақыт ауруханада емделген Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Алматы даму орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz
Сәуір айында әкімдік ғимараты жанында қарулы шабуылға ұшыраған Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Алматы даму орталығының басшысы болды. Бұл ақпаратты қала әкімдігі растады.
Руслан Берденов 29 тамызда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Берденов өзіне қастандық жасау әрекеті бойынша қозғалған қылмыстық істің сот отырысында бір де бір рет төбе көрсетпеді. Тек бірде сот отырысына онлайн түрде қатысқаны болмаса. Сол кезде экс-шенеунік денсаулығы жағдайын алға тартып, денесінде әлі де оқтың 61 қиыршығы барын айтқан. Сәуірдің 21-і күні Руслан Берденовке әкімдік маңында оқ атылды.
20 тамызда сот шабуыл жасаған Ернар Жиембайды кінәлі деп танып, оны тоғыз жылға орташа қауіпсіздік режиміндегі колонияға тоғыту туралы үкім шығарды.