×

Майлыбаев Алматы облысының әкімінің орынбасары болып тағайындалды

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы лауазымында қызмет етті.

Майлыбаев Алматы облысының әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғани Майлыбаев 2025 жылғы 3 қазанынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

​Ғани Айдарұлы 1987 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетін «қаржы» мамандығы, 2018 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын «аймақтық және муниципалды басқару» мамандығы бойынша бітірген, 2010 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінде «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2008 Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының заңгер-консультанты, Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы қаласы Медеу, Наурызбай аудандары әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы туризм басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы лауазымында қызмет етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Иранда хиджаб енді міндетті емес: заң ресми түрде күшін жойды
Кеше, 16:48

Иранда хиджаб енді міндетті емес: заң ресми түрде күшін жойды

Иран әйелдеріне таңдау еркіндігі берілді
Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылығын жаңартты
Бұл ақпаратты қала әкімдігі растады
Ресей Қытай азаматтарына визасыз кіруге рұқсат береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →