×

Ермек Тұрсынов Қазақстанға оралды

Режиссердің елге оралғанын кәсіпкер Болат Әбілов хабарлады.

Ермек Тұрсынов Қазақстанға оралды
instagram.com/abilovbulat_official

Көктемде елден кеткен қазақстандық белгілі режиссер және драматург Ермек Тұрсынов араға бірнеше ай салып отанына оралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Режиссердің елге оралғанын кәсіпкер Болат Әбілов хабарлады. Ол Instagram парақшасында Тұрсынов, Мұхтар Жәкішев және Еркеш Шәкеевпен түскен ортақ суретті жариялады.

Кәсіпкер достарымен кездескеніне қуанышты екенін жеткізді:

Әлем қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр - дағдарыс, қақтығыстар, белгісіздік. Осындай жағдайда ақылдың айқындығын және ішкі тұрақтылықты сақтау аса маңызды. Біз қорқыныш туралы емес, болып жатқан жағдайға байыппен қарау жайлы әңгілеместік. Бірақ ең бастысы жанымыздағы адамдар. Тағдырға осы достарыммен жолықтырғанына ризамын: олардың әрқайсысы мықты әрі талантты тұлға.

Еске салайық, биыл мамыр айында Ермек Тұрсынов елден кететінін мәлімдеп, өзіне «қысым жасалғанын» айтқан болатын. Facebook-тегі қоштасу жазбасында режиссер басқа жол жоқтығын жеткізген.

Ермек Тұрсыновтың есімі 2009 жылы шыққан «Келін» фильмі арқылы кеңінен танылды. Бұл туынды «Оскар» жүлдесінің шорт-парағына енген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі елдің сан қырлы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Әзербайжанда Түркі ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 12-ші саммиті өтіп жатыр
Ол Оқу-ағарту министрі ант қабылдаған кезде залдан шығып кеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →