12 қазанда Семейде өткен елдегі алғашқы тікелей әкім сайлауының нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Территориялық сайлау комиссиясының хабарлауынша, өзін-өзі ұсынған кандидат Әділет Қожанбаев сайлаушылардың көпшілігінің қолдауына ие болып, жеңімпаз атанды. Оған 89 441 адам дауыс берген.
Бәсекелестері Қ.М. Төлеуов пен А.К. Бекжасаров тиісінше 12 557 және 9 763 дауыс жинаған.
1980 жылы туған Әділет Қожанбаев сайлауға дейін Абай облысындағы Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған.