×

Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды
Sputnik / Санат Имангалиев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Байбазаров Нұрлан Серікұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нұрлан Байбазаров 2024 жылғы ақпан айынан желтоқсанға дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

Оған дейін, 2023 жылдың қазанынан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы, ал 2022 жылдың қарашасынан бастап «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →