×

Трамп пен Путин Будапештте кездеседі

"Ресей мен Украина арасындағы “масқара соғысты” тоқтатудың жолдарын талқылаймыз" деп жазды ол

Трамп пен Путин Будапештте кездеседі
Reuters

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Ол алдағы уақытта Ресей басшысымен Венгрия астанасы Будапештте кездесу өткізетінін хабарлады. Бұл туралы Трамп өзінің Truth Social желісіндегі жазбасында мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, алдымен екі елдің жоғары деңгейдегі кеңесшілері келіссөз өткізеді.

«Біз келесі аптада АҚШ пен Ресейдің жоғары лауазымды кеңесшілерінің кездесуін өткізуге уағдаластық. Алғашқы кездесулерге АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио және тағы бірқатар тұлғалар қатысады. Мекенжай кейін нақтыланады. Одан соң мен және президент Путин Будапешт қаласында келісілген күні кездесіп, Ресей мен Украина арасындағы “масқара соғысты” тоқтатудың жолдарын талқылаймыз», – деп жазды Трамп.

АҚШ басшысы сондай-ақ 17 қазанда Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесетінін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жаңа Конституция: тұрақтылық пен болашаққа сенім
Кеше, 14:47

Жаңа Конституция: тұрақтылық пен болашаққа сенім

Жаңа Конституцияда негізгі құндылықтар ретінде білім мен ғылым, мәдениет және инновациялар бекітілген
Әскери іс-қимылдар жалғасып жатыр, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігі жабылған
Бұл маңызды саяси оқиға елдің одан әрі дамуы мен тұрақтылығына ықпал етеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →